Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАНДА ПЕДАГОГТЕР ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Түркістанда «Педагогтердің сағат жүктемелерін дұрыс бөлу және тарифтеу процесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тәжірибе алмасу» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті. Іс-шараны Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Нұрпейісов бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз кезегінде пайдалы ақпараттарды түртіп алып, жұмыс процесінің оңтайлы жүзеге асырылуын бақылауға алуды тапсырды.
Онлайн форматта өткен оқыту семинарына Қарағанды облыстық білім басқармасына қарасты Сарань қаласындағы №17 мектеп-гимназиясының директоры Никита Максименко сағат бөлудегі озық тәжірибесін бөлісе отырып, тиімді тұстарын таныстырды. Жиын барысында педагогтарға сағат жүктемесін тиімді бөлудің рейтингтік жүйемен іске асырылатынын түсіндірді.
Аталған семинарға Шардара, Мақтаарал, Жетісай, Төлеби, Түлкібас аудандары жіберілген сілтеме бойынша өз ауданында бір нүктеден онлайн қатысты. Ал Арыс, Түркістан, Кентау, Бәйдібек, Келес, Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Созақ аудан, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері және жалпы білім беру мекемелерінің директорлары, сонымен қатар оқу ісі жөніндегі орынбасарлары арнайы залда жалпы отырысқа келді.
Іс-шара соңында Никита Максименкоға Түркістан облысы педагогтары атынан оң пікір айтылып, ризашылық білдірді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ДИҚАНДАР 370 ГЕКТАР ЖЕРДЕН КҮНБАҒЫС ӨНІМІН АЛЫП ЖАТЫР

Admin

ЖАҢА ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАНДА БОКСТАН БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН XXII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Admin