Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ «ТІЛ ШЕБЕРІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін Республика күніне орай Ұлы дала елі орталығында Түркістан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Тіл шебері» байқауы өтті, деп хабарлайды облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған elordafocus.kz ақпараттық агенттігі.
Оған 16 аудан-қаладан келген қатысушылар бақ сынады. Аталмыш шараны Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан ашып беріп, байқаудың маңыздылығы мен осы бағытта өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ қатысушыларға сәттілік тілеп, алда келе жатқан Республика күнімен құттықтады.
Үш кезеңнен тұратын сайыста үш тілді еркін меңгерген әртүрлі сала өкілдері жеңіске жетті. Бірінші кезеңде көнерген сөздерді экранда берілген ұяшықтарды таңдау арқылы талдап, түсіндіру болса, екінші кезеңде берілген тапсырмалар арқылы қазақтың дара тұлғаларын аудиторияға орыс тілінде таныстыру болды. Ал үшінші кезеңде ағылшын тілі бойынша сайысқа түсіп, қаншалықты меңгергенін танытты. Келген көрермен арасынан жауабы табылмаған сұрақтарға өз жауабын ұсынғандар да болды.
Өз саласының үздіктерінен құралған әділ қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Қазығұрт ауданынан Меңлібаев Бекжанға бұйырды. Жетісай ауданынан
Балхибаева Нұрбақыт жүлделі бірінші орынды иеленді. Ал екінші орын Шардара ауданынан Құралбаев Айтжанға бұйырды. Сайрам ауданынан Махул Сабина мен Мақтаарал ауданынан Абдунасиров Исломбек үшінші орын иегері атанды. Шара соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ЭТНОСАРАЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: ТІРКЕУСІЗ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 100 АЕК МӨЛШЕРІНДЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Admin

АРЫСТА БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

Admin