Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

ТҮРКІСТАНДА КЕЗЕКТІ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Түркістан өңірінде қолға алынған кезекті «Парасат жолы» орталығы 61 мың кітап қоры бар Түркітілдес халықтардың кітапханасында ашылды.

Бұл игі бастаманың негізгі мақсаты – жас өскіндерді мәдениет ошағы арқылы парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарымен рухани кемелдендіру және Отанға, отбасыға, еңбекке адал болуға үндеу.

Шараға әдебиеттің сын сүлейі, филология ғылымының докторы Құлбек Ергөбек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ғабит Жүндібаев пен «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуова, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен зейінді жастар қауымы қатысты.

Жиында Қ.Ергөбек адалдық пен әділдік жолында жан аямай, жан беріскен тарихтың ұлы тұлғаларының табандылығын сөз етіп, пайдакүнемдіктен парасатты жолға ұмтылудың іргетасын бала жастан қалыптастыру қажеттігін тілге тиек етті.

Әділдік аясында өрбіген өнегелі жиында зиялы қауым өкілдері ел жастарын игілікті істерге жетелеу жолында алдағы күнде атқаратын жұмыстарын ортаға салып, ұтымды ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

Admin

ПРЕЗИДЕНТ АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІКТІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ РАФАЭЛЬ ГРОССИДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Admin

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

Admin