Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАР БИДАЙДАН ГЕКТАРЫНА 30 ЦЕНТНЕРГЕ ЖУЫҚ ӨНІМ АЛУДА

Түлкібастағы Жаскешу ауылында орналасқан «Серғазы» шаруа қожалығының төрағасы гектарына 30 центнерге жуық бидай өнімін алуда.
Ал, Арыс ауылдық округіне қарасты «Сүйіндік» шаруа қожалығының қадамы аудан көлеміне қарыштап дамып келеді. Бүгінде ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтың табысы жылдан жылға ұлғайып келеді. Берекесі мен ынтымағы жарасқан бұл ұжымды ұзақ жылдардан бері диқан, іскер азамат Мелдебек Сүйіндікұлы Тайлиев басқарып келеді.
«Сүйіндік» шаруа қожалығының төрағасы Мелдебек Тайлиевтің сөзінше, өткен жылы 650 гектар жерге бидай, 120 гектарына жоңышқа, 250 гектарына мақсары еккен.
Қазіргі таңда алқапқа 3 комбайн техникасы жұмылдырылған. Комбайншылардың орған бидайын 2 “Камаз” көлігі егіс алқабынан тоқтаусыз тасымалдап жатыр. Комбайншылардың, тасымал жұмыстарын атқарып жатқан көлік жүргізушілердің бәрі жергілікті тұрғындар екен.
Айта кетейік, биыл Түлкібас ауданында 24 гектарға масақты дәнді-дақылдар егілген. Оның ішінде, 15,4 мың гектарға бидай, 8,6 мың гектарына арпа. Қазіргі таңда бұл дақылдардың 12,5 мың гектары орылып, осы уақытқа 29,8 мың тонна өнім жиналған. Бидайдың өнімділігі орта есеппен гектарына 25-30 центнерді, арпаның өнімділігі гектарына 22 центнерді құрайды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН 515 ЖАҢА АВТОБУСТЫҢ 101-І ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚҰНЫ 10 МЛРД. ТЕҢГЕ ТҰРАТЫН 8 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: ҒИМАРАТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ СӘУЛЕТІ МЕН САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ

Admin