Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ШАРУАЛАР «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН 1 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ НЕСИЕ АЛҒАН

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков кәсіпкерлікті дамытуға арналған пилоттық жоба аясында тиісті мамандарға тапсырмалар жүктеген. Аталған бағдарлама бойынша Созақ, Құмкент, Шолаққорған, Жартытөбе ауылдық округтерінен ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылған. Оның ішінде Шолаққорған ауылдық округінде «Созақ Агро Өнімдері» АШӨК 27 млн. 600 мың теңге, Созақ ауылдық округінде «Жаңа Қазақ Елі» АШӨК 26 млн. теңге, Жартытөбе ауылдық округінде «Сембек ата» АШӨК 20 млн. 250 мың теңге, Құмкент ауылдық округінен «Рауан» АШӨК 15 млн. теңге жеңілдетілген несиемен қаржыландырылған.
Сондай-ақ, шаруа қожалықтар “Беларус”маркалы тракторлар мен жүк тиегіш және жаңбырлатып суару машинасы, дизельді насос станциясы, дәрі шашатын құрылғы, соқа сынды ауыл шаруашылығы техникаларына қол жеткізді. Аталған ауылдық округтерден 209 азамат 1 млрд 160 млн теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізу арқылы өз кәсіптерін ашып отыр.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: РУХАНИЯТ, ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: «СЕРПІН-2050» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАСТАРҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

Admin

СЕРІКТЕС МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Admin