Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында алғаш рет үшем дүниеге келді. Үшемдер туылғанынан 4 күннен кейін №2 облыстық перинаталдық орталығына аударылған. Бәйдібек ауданының тұрғыны 3 ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Алихан, Асылхан есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 1290 гр, 1230 гр және 1115 гр болды.
Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлері ана мен балаларына көмек көрсетіп, тиісті шараларды қабылдады. Балалардың жағдайы тұрақты.
Батыр ана бұған дейін 2 перзентті дүниеге әкелген. Енді көпбалалы отбасына айналып отыр. Перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлері анасы мен нәрестелерге мықты денсаулық тілеп, үйіне шығарып салды.

Ұқсас жазбалар

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮЛКІБАСТЫҚТАР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: ТҰҚЫМБАҚТАРДАҒЫ КӨШЕТТЕР САНЫ 50 МЛН-ҒА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Admin

ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ АТАНДЫ

Admin