Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА 100 ПАЙЫЗ ДАЙЫН

Түркістан облысы 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына толық дайын. Жұмыстар Өңірлік штабтың тұрақты бақылауында.
ҚР Құрылыс нормалары мен Ережелеріне сәйкес аймақта жылыту маусымы 148 тәулікті құрайды.
Облыс аумағында жылыту маусымы ауа райына байланысты 15 қазаннан бастап 1 қарашаға дейін кезең-кезеңімен іске қосылады деп жоспарлануда. Нақтырақ айтқанда, Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек, Созақ, Сайрам аудандарында жылу жүйелерін қазан айының 15-нен бастап қосу жоспарланған болса, Кентау қаласында жылу 25 қазанда берілмек. Сонымен қатар Түркістан және Арыс қалалары мен Мақтаарал, Жетісай, Отырар, Ордабасы, Сарыағаш, Сауран, Келес, Шардара аудандарын 1 қарашаға дейін жылу жүйелеріне қосу көзделуде.
Бұған дейін барлық білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік мекемелердің жылыту жүйелері тексеріліп, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар қажетті отын қорлары жасақталып, жеткізілді.
Жылу беру маусымы кезінде ақаулардың алдын алу үшін жедел әрекет ету топтары құрылған. Жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауында.
Айта кетейік, сыртқы ауаның орташа температурасы 5 тәулік бойы +8 градустан төмен болу туралы болжам болған жағдайда, жылу жүйелері іске қосылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА САПАР МҰРАЖАЙ КЕШЕНІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Admin

Өңір тұрғындарының өзекті проблемаларын шешу жұмыстары одан әрі жалғасады

Admin

ТҮРКІСТАН: АБАЙ АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Admin