Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ

Түркістан облысы Тұрар Рысқұлов ауылында биыл екі жаңа мектеп бой көтереді. Түлкібас ауданының орталығында салынатан білім ұясы 300 орынға лайықталған. Сондай-ақ, Машат ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылынан 150 орындық жаңа мектептің құрылысы бастау алмақ.
Білім саласындағы бұл мәселелер жергілікті тұрғындар тарапынан көп жылдан бері көтеріліп келген. Оңтайлы шешімі табылған білім саласындағы ауданның тың жаңалығы облыс әкімінің қолдауымен іске асып отыр. Қазіргі таңда мектептердің орналасу аумағы белгіленген.
Аудан оралығындағы мектеп құрылысы — Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің маңындағы ардагерлер аллеясының орнында, ал Еңбекші ауылындағы оқу ордасы — Тұрсынбеков мектебінің жанынан бой көтермек. Бүгінгі таңда қос жобаға облыстық бюджеттен бастапқы қаржысы бөлінген.

Ұқсас жазбалар

Әлихан Смайылов Түркістан облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Admin

АҚ КИМЕШЕКТІ АБЫЗ ӘЖЕЛЕР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Admin

ANTIKOR LIVE: БИЗНЕС СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚОРҒАУЫНДА

Admin