Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРА ҚАЛАЛАРЫ ҰЙЫМЫНА РЕСМИ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

Түркістан қаласы Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына (ДМҚҰ) ресми түрде қабылданды. Осылайша шаһардағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енді туристердің қызығушылығын одан да арта түспек. Осы мақсатта 2 сәуір күні Түркістан қаласында Еуразияның Дүниежүзілік мұрасы қалаларының X Халықаралық конференциясы өтеді. Бұл конференция Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының (ДМҚҰ) серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылды.
Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымы (ДМҚҰ) мүше қалаларға ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізудің нақты талаптарына сәйкес бейімделуге және оларды басқару әдістерін жетілдіруге көмек көрсетеді.
Жалпы, аталған ұйым 1993 жылы 8 қыркүйекте Фес қаласында (Марокко) құрылған. Ұйым — дүниежүзілік мұра объектісін қалалық басқаруға қатысты барлық мәселелер бойынша ұжымдық кеңес және өз аумағында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген 300-ден астам қаламен байланысады. Бұл қалаларда 164 миллионнан астам адам тұрады.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНА 19 МИЛЛИОННАН АСТАМ КЛИНИКАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН

Admin

ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР БАЯНДАЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР 1 МЛН 640 МЫҢНАН АСТЫ

Admin