Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БИЫЛ 4 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түлкібас ауданында Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында көп жылдан бері аймақта өзекті болып келген медицина саласындағы түйіткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Мәселен, соңғы жылдары аудан орталығынан шалғай жатқан Келтемешат, Рысқұл, Ақбиік және Шұқырбұлақ елді мекендерінде заманауи жаңа медициналық емханалар құрылып ел игілігіне берілді. Онда жалпы дәрежелі дәрігер, фельдшер және медбике сынды мамандар халыққа қызмет көрсетіп келеді. Бұдан бөлек обиыл өңірдегі Абайыл, Тастыбұлақ, Мақталы және Шақпақ-баба елді мекендерінде заманауи медициналық нысандардың құрылысы басталған.
Соның бірі Абайыл елді мекеніндегі медициналық мекеменің құрылыс алаңына облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Мердігер мекемеге нысанды сапалы әрі уақытылы аяқтау тапсырылды.
Айта кетерлік, алдағы уақытта елді мекен тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында аудан аумағындағы медициналық мекемелерді қажет ететін 11 елді мекенге кезең-кезеңімен жаңа нысандар салу жұмыстары жалғасын таппақ.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ОРМАНДЫ АЛҚАПТАРДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Admin

В свою очередь Король Абдалла II также вручил Президенту Касым-Жомарту Токаеву высшую государственную награду Иордании – орден al-Hussain ibn Ali.

Admin

67 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ҚҰЖАТ АЛҒАН

Admin