Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

СТОП АЛАЯҚТАР!

Түркістан облысының прокуратурасы азаматтарды интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады.

Алаяқтар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы өкілі немесе мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтерін алуға тырысады.

Осыған байланысты келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз:

  • Жеке деректеріңізді (ЖСН, банк картасының нөмірі, CVV-код, SMS-кодтар) бөгде адамдарға бермеңіз;
  • Күдікті қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіз;
  • Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз;
  • Қаржылық операцияларды орындамас бұрын ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз;
  • Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда дереу банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Сақтық – қауіпсіздіктің кепілі. Алаяқтардың құрбаны болмаңыз!

Ұқсас жазбалар

Алкогольге жол жоқ !

Admin

Конституция және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз: мәдени мұраны сақтайық

Admin

Урок безопасности для молодежи

Admin