Созақ ауданы, Құмкент ауылында жабық үлгідегі кіші футбол алаңы ел игілігіне берілді. Шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, ауыл тұрғындары мен жастарды жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтады. Спорттық алаңда ойыншыларға арналған киім ауыстыратын бөлмелер, жарықтандыру жүйесі, жасанды төсеніш төселген футбол алаңы, қауіпсіздік қоршаулары қарастырылған. Сондай-ақ, нысан аумағы толықтай асфальтталып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.
Биыл аудандағы Құмкент ауылдық округінде 5 балалар ойын алаңшасы мен 1 ересектерге арналған шынығу алаңы салынды. Жыл соңына дейін округке қарасты Қызылкөл елді мекенінде 2 ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, Шу, Тасты, Жуантөбе, Жартытөбе ауылдарында да спорт нысандары бой көтеріп жатыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
