Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ!

Бүгін  Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразовтың төрағалығымен көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысы бойынша жиын өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Ерлан Манапов хабарлама жасап, көктемгі әскери қызметке шақыру бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Жиында ұлдарын әскери борышын өтеуге жіберіп, Отан алдындағы борышты өз отбасынын бастаған бірнеше ата-анаға Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Түркістан облысының ардагерлер кеңесі төрағасының «Патриоты» төс белгісін табыс етті.
Сондай-ақ бірқатар ауылдық округ әкімдерін, әскери мамандар мен медицина мамандарына өз міндеттерін мінсіз атқарғандары үшін Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы, полковник Н. Дюсебаев пен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Е. Манаповтың алғыс хатымен марапаттады.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары ауыл, кент округ әкімдеріне мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, жастар арасында патриотизм идеяларын насихаттап, әскери қызметтің беделін көтеруге басты назар аудару қажеттігін айтты.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда көктемнің алғашқы күнінде қатты аяз сақталып, күн суық болатыны болжанады

Admin

МАСЛИХАТЫ СТАНУТ КЛЮЧЕВЫМ ЗВЕНОМ МЕСТНОГО САМОУПРАВЛЕНИЯ

Admin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС ӨРЕНІ АСЫҚ АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Admin