Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ АТАНДЫ

Польшаның Красичин қаласында «Krasiczyn Castlе melodies» халықаралық онлайн өнер байқауы өтті. Байқауда әлемнің әр түкпірінен барлығы 100-ге жуық өнерпаз бақ сынады.
Өнер додасына еліміздің атынан Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты Саз колледжінің студенттері қатысып, «Музыка теориясы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Атап айтсақ, колледж студенттері Балқадиша Жарылқасын, Ким Артем, Сейдуалы Серкебаев, Әмина Сымбат, Иродахон Исмаилова байқауда І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпаздар Қазақстанның халық әртісі, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына орай композитордың әндерін шырқады.
Сондай-ақ, жеңімпаздарды жоғары деңгейде байқауға дайындаған «Музыка теориясы» бөлімінің ұстаздары Л. Сардарова, О. Дмитриева және З. Митрофанова арнайы дипломға ие болды.

Ұқсас жазбалар

18-20 июня по приглашению Главы государства Касым-Жомарта Токаева Президент Черногории Яков Милатович посетит Казахстан с официальным визитом

Admin

«Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібі»

Admin

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАРЫСЫНДА 2658 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Admin