Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

ШЫМКЕНТТІК РЕНТГЕНХИРУРГ НАУҚАСТАРҒА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАҒАН

Рентгенохирургия – арнайы құралдарды қолдана отырып, сәулелендіру техникасының бақылауымен қан тамырларына үлкен тілік жасамай атқарылатын ота. Шымкент қаласында осы саланы жетік меңгерген дәрігердің бірі – Ербол Әділбеков.
Ербол Базарбайұлы 17 жылдан бері «Шымкент жүрек орталығы» ангиография зерттеулер бөлімінде рентгенхирург болып, кордиология саласында жемісті еңбек етіп келеді.
Ол 3000-ға жуық күрделі ота жасап, жас мамандарға шеберлік сабағын өткізген. Білікті дәрігер өз білімін үздіксіз жетілдіріп, рентгенохирургия саласында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгерген.
Жалпы, кардиологиялық орталықтағы ангиография зерттеулер бөлімі 2007 жылы елімізде алғаш болып Шымкент қаласында ашылған болатын. Бұл бөлімде жүрек-қан тамырларына стенд қою, тарылған тамырды кеңейту қызметін көрсетеді. Бұл рентгенхирургия жолымен жасалады.
Айта кетейік, ангиография бөлімінде өткен жылы 2645 науқасқа коронаграфия қызметі көрсетілген. Оның 106-і стендтеу, 352-і амбулаторлық коронаграфия.

Ұқсас жазбалар

ЗАЩИТА БИЗНЕСА ВАЖНЫЙ ПРИОРИТЕТ В ДЕЯТЕЛЬНОСТИ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ СЛУЖБЫ

Admin

АСХАТ ЖҰМАҒАЛИ: АДАЛ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

Admin

ШЫМКЕНТТІК «ЖЕТІГЕН» ТРИОСЫ ТҮРКИЯДА ТОП ЖАРДЫ

Admin