Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарЭкономика

ШЫМКЕНТТЕ ТҰҢҒЫШ РЕСТОРАНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында «Наурыз – Шымқалада» мерекелік бағдарламасы аясында «ДәмДәсTour» тұңғыш ресторандар жәрмеңкесі бастау алды. Жәрмеңкеге қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, ресторандардың әзірлеген ас мәзірлерін тамашалап, өз бағасын берді.
«Бұл шараның «Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз» мерекесі қарсаңында, «Ұлттық тағамдар күнінде» өтуі – заңдылық. Шымкент қаласы әртүрлі тағамдарды дәмді дайындауымен танымал екені белгілі. Бұл ретте, біздің жәрмеңкені өткізудегі басты мақсатымыз – сіздер мен біздің сүйікті шаһарымызды, шырайлы Шымкентімізді еліміздің гастрономиялық туризм орталығы ретінде брендін қалыптастыру болып табылады. Қала тұрғындары мен қонақтары шаһарымыздың қонақжайлылығын сезініп, мерекеден керемет эмоция алады деп сенім білдіремін», — деген қала басшысы барша қатысып жатқан жергілікті тамақтану орындарының ұжымына алғысын айтты.
Жәрмеңкеге жергілікті Wok-Wok, BarVilka, Бахчи-Сарай, Кәусар, Kөk-Saray, TheПАПА, Ладушки, 19.06, Мадлен, The secret, Happy cake, Афрасиаб, Кофе молка, Блинчик сынды 50-ге жуық қатысып отыр. Олар «Ең үздік шымкенттік палау», «Ең үздік шымкенттік наурыз көже», «Ең үздік шымкенттік кондитерлік өнім», «Ең үздік шымкенттік фаст-фуд», «Ең үздік шымкенттік кәуап» және «Ең үздік шымкенттік самса» номинациялары бойынша бақ сынасады.
Үздіктерді қазылар алқасының құрамындағы «Horeca Қазақстан» мейрамхана-қонақ үй бизнесі кәсіпорындары Ұлттық қауымдастығының Президенті И.Копайлов және Томас Мюллер, С.Отарбаев, Р.Усманов сынды шеф-аспаздар, тележүргізуші Айгүл Мүкей, food-блогер және вайнер М.Мамраимов, Шымкент қаласы Іскер әйелдер қауымдастығының президенті А. Архабаева, «GraMad» супермаркеттер желісінің бас директоры және мәслихат депутаты А. Наимбековалар анықтайды.
Жеңімпаздарға қаржылай сый-сияпаттар қарастырылған.
Жәрмеңке барысында мерекелік кеш ұйымдастырылып, хедлайнер ретінде әнші Argonya және «Metis,s» тобы мен қалаға танымал өнер жұлдыздары қатысып, ән шырқауда. Сондай-ақ, келушілерге сағат сайын конкурстар мен ойындар ұйымдастырылуда. Айта кетейік, екі күнге созылатын шара таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жалғасады.
Фото авторы: Береке Сейтжаппар

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ САЙРАМДА ЗАМАНАУИ ҚҰРАМА ЖЕМ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Admin

ҚАЗАҚСТАНДА КҮТІЛЕТІН ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ ТАРИХИ ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ

Admin

Мемлекет басшысы «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне қатысушы балалармен жүздесті

Admin