Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

ШЫМКЕНТТЕ «ТӨЛЕМ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖЕКЕ ОФИСІ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында «Төлем» компаниясының халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.
Фронт-офистің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ержан Жолдасов, «QazSmartTrans» ЖШС-ның директоры Сержан Ақылбаев қатысты.
Қызмет көрсету орталығының негізгі мақсаты — арыз-шағым, ұсыныстар қабылдауға және оқушылар, студенттер картасын тікелей өтінім беруге немесе дайын картаны алуға арналған. Яғни «Төлем» картасына қатысты туындаған мәселелер бойынша қызмет көрсетеді.
Осыған дейін компанияның жеке офисі күніне 300-500 адам шамасында қабылдап жүрсе, ендігі жерде арнайы ашылған орталық тұрғындарды екі есе көлемде қабылдауға дайын.
Фронт-офистің мекенжайы: Әл-Фараби алаңы №9
Қосымша сұрақтар бойынша +77752139746 нөміріне хабарласуға болады.

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ҚАРАПАЙЫМ ШАРУАЛАР ҮШІН СУБСИДИЯ АЛУ – ҚИЯМЕТТІҢ ҚИЫНЫ

Admin

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Admin

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ СУБСИДИЯЛАУ – АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

Admin