Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

ШЫМКЕНТТЕ МЕТАЛЛ ШЫҒАРУ ПЕШІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Оңтүстік» индустриалды аймағында Тәуелсіздік мерекесі күні «Балқаш полиметалл» компаниясы жанынан ашылған «Шымкент Смелтинг» ЖШС жаңа металл шығару пешін іске қосты.
Кәсіпорын қорғасын және мыс өнімдерін өндірумен қатар түсті металл мен арматура өндірісінің технологиялық желісі болып табылады.
Өндіріс орны жылына 12 000 тонна қара қорғасын және 1 600 тонна қара мыс қуаттылығын жоспарлап отыр. Жобаға жалпы құны 2 млрд теңге жеке инвестиция тартылған.
Өндірістік жаңғыртудың арқасында Шымкент металлургия саласы бойынша алдыңғы орынға шықты. Өткен жылдың өзінде кәсіпорын 1 мың тонна қара қорғасынды «Казцинк» компаниясына, 200 тонна қара мысты Ресейдің Челябинск қаласына жіберді. Кәсіпорынның бас инженері Қайрат Базарбаевтың айтуынша қара мысты «Қазақмыс» ұлттық компаниясына сату жоспарда бар. Аталмыш өндіріс орнында 200-ге жуық адам жұмыс істейді.
(с) Ануар Жумашбаев

фото: Серик Косаев

Ұқсас жазбалар

ЕМХАНА ТАҢДАУ – ХАЛЫҚ ЕРКІНДЕ

Admin

Қазақстан мен Конго президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Admin

ТҮРКІСТАН: ЭПИДЕМИОЛОГТАР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДЕ

Admin