Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

ШЫМКЕНТ: ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 4,7 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АРТТЫ

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығына жарамды жерлері 62,6 мың гектарды құрайды. 2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша егістікке жарамды 39,5 мың га жердің биыл 27,9 мың га немесе 70,6 % -ы игерілді.
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, бүгінгі күнге 27,9 мың га егістік алқабынан 59,3 мың тонна өнім жиналды: 14,0 мың тонна дәнді дақылдар, 2,4 мың тонна майлы дақылдар, 2,4 мың тонна картоп, 29,7 мың тонна көкөніс, бақша және 10,8 мың тонна мал азығы жиналды.
Мал шаруашылығы бойынша 11 айда ет көлемі – 13,1 мың, сүт – 44,0 мың тонна, жұмыртқа 146,1 млн. дана өндіріліп, ірі қара мал – 78,5 мың, қой мен ешкі – 99,6 мың, жылқы – 14,3 мың, түйе — 29 бас және құс – 1 075,5 мың басты құрады.
Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдауға 2020 жылы 2 848,7 млн. теңге субсидия бөлінсе, есепті кезеңге қаралған 2 285,0 млн. теңге 100 % игерілді.
Нәтижесінде 2020 жылғы қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 34,0 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,7 млрд. теңгеге артты.
ulrainasy.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОМАНДАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛЕР БОЙЫНША РЕКОРД ОРНАТТЫ

Admin

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕР ҮЛГІСІ БАСҚА ӨҢІРЛЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Admin