Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Экономика

ШЫМКЕНТ: ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласы, Тұран ауданының аумағы 36,3 мың гектарды құрайды. Мұнда 21 шағын ауданда 232 мыңнан астам тұрғын тұрады. 39 мыңнан аса жеке үй мен 548 көпқабатты үй, 1 229 көше мен 293 әлеуметтік нысан орналасқан.
Инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Ауыз сумен қамту 98,5%-ға жетті, 2026 жылы толық шешімін табады. Электр жарығы бүгінде 95%-дан асты, жыл соңына дейін барлық үй қосылады. Табиғи газбен қамту көрсеткіші 85,7%, алдағы екі жылда 100%-ға жеткізу жоспарланған.
Кәріз жүйесіне қосу деңгейі 57%-ды құрайды. Биыл Түркістан шағынауданында және Қазыбек би көшесінде кәріз құрылысы жүріп жатыр, нәтижесінде көрсеткіш 60%-дан асады.
Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімі- Әшірбеков Берік Айдарұлы мәлімдеді.
Аудандағы 1 229 көшенің ұзындығы – 570 шақырым. Оның 80%-ы асфальтталған, қалғаны тас жол. 2025 жылы 251 көшеге жөндеу жүргізу жоспарланып, қазірдің өзінде көп бөлігі аяқталды. Жыл соңына қарай барлық көшелер асфальтпен қамтылып, аудан бойынша көрсеткіш 100%-ға жетпек.
Жаяу жүргіншілерге ыңғайлы жағдай жасау мақсатында 2024 жылы 39 көшеге аяқжол салынды. 2025 жылы тағы 44 көшеде құрылыс жоспарланған. Қазіргі таңда 31 көшеде 15,5 шақырым аяқжол пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 2025 жылы 35 көшеге ирригация жүйесі салынады. Оның 30 көшесінде жұмыстар аяқталды, қалғаны жыл соңына дейін бітіреді.
Көшелерді жарықтандыруда да айтарлықтай нәтиже бар. Бұрынғы 35%-дық көрсеткіш биыл 95%-ға жетті. 2025 жылы аудан көшелерінің барлығы 100% жарықтандырылады.

Ұқсас жазбалар

КЕҢЕСТЕ ШЫМКЕНТТІҢ КӨНЕ ҚАЛАШЫҒЫН ЮНЕСКО-НЫҢ ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Admin

ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА ЖАСТАРДЫҢ ҮЛЕСІ БАСЫМ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ БИЗНЕС-ҚАУЫМДАСТЫҚ ПЕН БАҚЫЛАУ-ҚАДАҒАЛАУ ОРГАНДАРЫ АШЫҚ ДИАЛОГ ОРНАТТЫ

Admin