Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 800-ДЕН АСА ЖҰМЫСШЫ ЖАС БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Биыл Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында – 324 арендалық пәтер, жұмыс істеп жүрген жастарға – 888 пәтер, несиелік негізде – 1919 пәтер беру жоспарланған. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мәлімдеді.
2022 жылы Шымкент қаласында жұмысшы жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы аясында 857 жас қоныс тойын тойлаған. Биыл 888 жасты арендалық баспанамен қамту көзделіп отыр. Конкурсқа өтінімдер қабылдау, өңдеу, келісімшартқа тұру жұмыстары толықтай электронды нұсқада жүргізілетін болады.
Айта кетейік, биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына жатқызылып, баспанамен қамтылуда мемлекеттік қолдауға ие болды. Бұған дейін жастар санатына 29 жасқа дейінгі азаматтар кіретін.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ СИНГАПУР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫН АШУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Admin

Шымкентте «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы өтеді

Admin

Болашақ десантшылар Шымкенттен әскерге аттанды

Admin