Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА АШЫҚ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында тұрғын үй аулаларындағы спорт алаңшалары пайдалануға беріліп, тұрғындардың спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік туып отыр.

Атап айтқанда, Нұрсәт, Тұран шағынаудандары, Достық пен Қайнарбұлақ тұрғын алаптары және Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан 10 ашық спорт алаңшасы тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді.

Құрылыс жұмыстарын «АлемСтрой-1» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.

Спорт алаңшаларына 50 орындық пен 50 қоқыс жәшігі орнатылды. Сондай-ақ, қосымша элементтер ретінде 15 жаттығу тренажеры мен арнайы «Street Workout» жаттығуына арналған спорттық құралдар қойылды.

 

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДА МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 487 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Admin

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жаңа студенттер үйі пайдалануға берілді

Admin