Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» атты жастар арасында аудандық пікір-сайыс өтті, деп жазады elordafocus.kz ақпараттық агенттігі.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында ұйымдастырылған шараға 10 команда қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті.
Тартысты өткен сайысқа Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Құлымбетов Мэлс Қалжанұлы, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Дүйсенбекова Айгерім Ералықызы және Сауран ауданы Адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Басқараев Нұрбек Толмырзаұлы қатысып, қатысушы командаларға өз әділ бағаларын берді.
Шапшаңдық пен біліктілікті талап ететін сайыстың нәтижиесінде 3 команда жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ барлық қатысушы командалар белсенділіктері үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі орындарға ие болған командалар:
Бабайқорған жалпы орта мектебінің “Сұңқар” командасы — І орын, Ұлықбек жалпы орта мектебінің “Ақиқат” командасы — ІІ орын, №25 жалпы орта мектебінің “ІІВ” командасы — ІІІ орын.
Қатысушы командаларға алғысымыз шексіз!
