Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

САРЫАҒАШТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары таңғы сағат 07:30-да ауданның барлық аумағында бір мезгілде басталды. Сенбілік барысында автомобиль жолдарының бойы, ішкі көшелер, қоғамдық орындар мен жаяу жүргіншілер жолдары тазартылып, арық-атыздар аршылды. Жол жиектеріндегі шөптер шабылып, ретсіз өскен бұталар ретке келтіріліп, жиналған қоқыстар арнайы техникалармен шығарылды. Сенбілікке аудан әкімі Арман Абдуллаев бастаған мемлекеттік мекеме қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары және жастар белсенді қатысты. Аудан әкімі тазалық жұмыстарына қатысып, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының барысымен танысты. Тазалық – баршаға ортақ міндет. «Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстар аудан аумағында тұрақты түрде жалғасын табады

#ТазаҚазақстан

Ұқсас жазбалар

🇰🇿🇱🇦Қазақстан мен Лаос президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Admin

ОБРАЩЕНИЕ в порядке статьи 40 Конституционного закона Республики Казахстан «О прокуратуре»

Admin

В Туркестанской области стартуют выездные встречи с предпринимателями в рамках проекта «Мобильный фронт-офис»

Admin