Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

САРЫАҒАШТА РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін Республика күні мерекесіне орай, Көктерек кентіндегі Сарыағаш шипажайының көрермендер залында салтанатты шара өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған elordafocus.kz ақпараттық агенттігі.
Мерекелік жиында аудан әкімі Мұхит Отаршиев, аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы Шермат Ибрагимов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұстафа Сүлейменов тұрғындарды «Республика күні» мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
— Ел Президентінің арқасында Республика күні қайта жаңғырды. Бұл біздің ең басты мерекеміз. Елдің даму көшінде сарыағаштықтардың да өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде аудан экономикасы да дамып келеді. Әр салада жаңашыл бастама мен игілікті істер бар. Аудан тұрғындарының игілігіне арналған әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп пайдалануға берілсе, көшелер жарықтандырылып, кәсіпкерлік бағыттағы бірқатар қызмет көрсету орындары ашылды. Мұның бәрі берекелі бірлігіміздің арқасында жеткен жетістіктеріміз. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдемін. Сіздерді Ұлттық мерекемізбен құттықтай отырып, егемендігімізді сақтау, елімізді, ауданымызды өркендету жолында елеулі үлес қосуды нәсіп етсін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-несібе, амандық, халқымызға береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін.
Егемендігіміз мәңгі болсын! — деді құттықтау сөзінде аудан басшысы.
Салтанатты шара барысында алтын құрсақты аналарға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік төсбелгілерін және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысқаны үшін бірқатар азаматтарға «Ауданның құрметті азаматы» куәлігі мен төсбелгілерін табыс етіп, облыс және аудан әкімінің, мәслихат хатшысының «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Мерекелік жиын концертке ұласып, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әуелете ән шырқап, күмбірлете күй төкті.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІНІҢ СЕКЦИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰТЫНУШЫЛАРҒА БЫЛТЫР 44 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Admin