Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ӘРБІР АЗАМАТ ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕУІ ТИІС

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыруды пысықтау жөнінде жиын өтті. Басқосуда Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы Еркін Алтынбеков «2023 жылдың наурыз-маусым және қырқүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады. Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев «Әскери қызмет әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес, жергілікті атқарушы орган тарапынан әскери шақыру пункттерін, керек-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, көлікпен, байланыс құралдармен қамтамасыз етілетінін айтты. Сондай-ақ, шақыру пунктіне жастардың келуін ұйымдастырып, дәрігерлердің толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді.
Аудан жастары әскери борышын еліміздің кез-келген өңірінде өтей алады. 2023 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша ҚР ҰҚК шекара қызметіне зерделеу және іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан Еркін Алтынбеков жастарды тарту мәселесіне баса назар аудару қажеттігін айтты. Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасатын болса, 18-27 жас аралығындағы жастар Қарулы күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдеріне әскери қызметін өтей алады.
Әскерге шақырылушыларға 1414 бірыңғай байланыс орталығының сервисі арқылы SMS-хабарламалар жіберіліп, сондай-ақ тұрғылықты жері мен жұмысының мекенжайларына жіберілетін дербес шақыру қағаздары арқылы хабардар етіледі.

Ұқсас жазбалар

Псевдосәлафизм зайырлы қоғамға аса қауіпті ағым

Admin

В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛА ПОЗНАВАТЕЛЬНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ, ПОСВЯЩЕННАЯ 100-ЛЕТИЮ АСАНБАЯ АСКАРОВА

Admin

ОТАНДЫ СҮЮ, ПАТРИОТ БОЛУ ПАРЫЗЫҢ

Admin