Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінің тұрғыны Мадхия Усманова Румыния елінде еркін күрестен өткен халықаралық турнирінде қарсыластарын тізе бүктірді, деп хабарлайды elordafocus.kz. Атаулы мерекеде еліміздің көк байрағын Румыния елінде көкке желбіретіп, Әнұранымызды шырқатты.
Мадхия бұған дейін де көптеген халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғап, топ жарып жүр. Мадхия Усманованы айтулы жеңісімен құттықтаймыз!
