Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпарат

Президент бапкерлерге, демеушілерге, дәрігерлерге және параспортшылармен жұмыс істейтін барша маманға ризашылығын білдірді

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовтың жетістікке жету жолында оның бапкерлері айрықша рөл атқарғанына назар аударды.

– Сіздер Ербол Хамитовқа білгендеріңізді үйретіп, тәжірибелеріңізбен бөлістіңіздер. Оның чемпионға тән табандылық танытып, биік мақсатқа ұмтылатын күрескер мінезін шыңдадыңыздар. Олимпиада жылнамасына есімін жазған белгілі, көрнекті спортшы болуына күш салдыңыздар. Сіздерге алғыс айтамын. Орайлы сәтті пайдаланып, бапкерлерге, демеушілерге, дәрігерлерге және параспортшылармен жұмыс істейтін барша маманға ризашылығымды жеткізгім келеді. Атлеттеріміздің жетістігі – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Табысқа жету формуласын бәрі біледі. Алайда асқақ мұратқа қол жеткізу үшін көптеген игіліктен және өмірдің қызығынан бас тартып, қиын жолды еңсеруге екінің бірі тәуекел етпейді. Әлем біріншіліктерінде жеңіп алған әр медаль еліміздегі бұқаралық спорттың дамуына зор серпін береді

Ұқсас жазбалар

«Digital Nauryz»: Қазақстанда Наурызды заманауи форматта атап өтудің нәтижелері жарияланды

Admin

ҮКІМЕТ БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫН ҚАЙТА ҚАРАДЫ

Admin

МВД ПРЕДУПРЕЖДАЕТ: В КАЗАХСТАНЕ РАСПРОСТРАНЯЕТСЯ НОВАЯ СХЕМА МОШЕННИЧЕСТВА

Admin