Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРБОЛАТ ДОСАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың шаһардың биылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жөніндегі баяндамасын тыңдады
Атап айтқанда:
▪️қысқамерзімді экономикалық индикатор іскерлік белсенділік есебінен 23,9 пайызға дейін үдеген, ал іскерлік белсенділік көрсеткіші 57,9 пайызға дейін өсіп, өңірлер арасында бірінші орынға шыққан;
▪️биыл шағын және орта бизнестің 3 мың жобасына 43 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсету жоспарланған;
▪️факторингтік келісімдерді қаржыландыру үшін қосымша 4 миллиард теңге бөлінген;
▪️өңдеу өнеркәсібіндегі өсімді қамтамасыз ету үшін 5 шағын өнеркәсіп паркі ашылған;
▪️газбен жүретін 600 жаңа автобус және 100 троллейбус сатып алу үшін 66 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр;
▪️жеке тасымалдаушылар 650 жаңа автобус пен 31 электробус сатып алады;
▪️1 сәуірден бастап қалалық әкімдіктің 15 функциясы аудандық әкімдіктерге беріліп, олардың бюджеті 2,7 есе, яғни 161,6 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жазбалар

«ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!»: ЖАСТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОН КҮНДІК БАСТАУ АЛДЫ

Admin

Цифрлық Наурыз: робот-көкпар, дрондар және инновациялық жобалар мерекеге жаңа серпін берді

Admin

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ СОҒЫС АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Admin