Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Полиция 1 қыркүйек қарсаңында жүргізушілерге үндеу жасады

Қазақстан ІІМ оқу жылының басталуы қарсаңында жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

1 қыркүйек қарсаңында балалар қауіпсіздігін арттыру мақсатында жолдарда бақылау дәстүрлі түрде күшейтіледі. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға және балалар жарақатын болдырмауға ерекше назар аударылады. Іс-шараларға мемлекеттік органдар мен әкімдіктер қатысып жатыр.

“Абайлаңыз, балалар!” акциясы басталды. Оның негізгі мақсаты – жол қозғалысының ең осал қатысушылары үшін қауіпсіз орта қалыптастыру және олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. Оқу жылы қарсаңында мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінің маңында бақылау күшейтіледі. Біздің басты міндетіміз – жолдардағы балалар қауіпсіздігі. Жүргізушілер жылдамдық режимі мен жол жүру ережелерін сақтау, ең бастысы, рөлде отырғанда қырағылық танытып, жолға балалардың кенеттен шығып қалуына дайын болу – балаларымыздың өмірін сақтаудың кепілі екенін есте ұстауы тиіс”, – деп атап өтті ІІМ-дегілер.

Жаяу жүргіншілер өтпелерінің, жол белгілері мен таңбаларының жай-күйі бақыланып отыр. Сондай-ақ мектеп автобустары мен балаларды тасымалдау кезіндегі ережелердің сақталуы тексеріліп жатыр.
Мектеп маңындағы жол инфрақұрылымын тексеру нәтижесінде 548 нұсқама берілді.

Ұқсас жазбалар

Түркістанда халықаралық жастар лагері басталды

Admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Admin

Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды

Admin