Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ОТЫРАРДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

Бүгін 25-қазан Республика күні мерекесіне орай Отырар ауданы «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де ардагерлердің қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған elordafocus.kz ақпараттық агенттігі.
Шараның мақсаты Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау болып табылады.
Жиынға ардагерлер қауымы Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерімізді сөз етіп өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, 2022 жыл 1 қыркүйектегі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған өзекті мәселелерге тоқталды.
Қазақ халқы үлкенге қарап бой түзейтін халықпыз. Алдыңғы буыннан үлгі алып, үлкендерге жол беріп, батасын алуға тырысамыз. Отбасының берекесі, шаңырағының тыныштығы мен татулығының тұтқасы болған абыз ақсақалдар, ақ жаулықты әжелеріміз біз үшін әрқашан да үлгі-өнеге болмақ.
Шара соңында ардагерлер осындай келелі жиынның ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.
Айта кетерлігі, алдағы уақытта аудан көлемінде жоспар аясында түрлі мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Мәселен, мереке қарсаңында еріктілер мен қоғамдық ұйымдар қайырымдылық және экологиялық акциялар өткізіліп, бірқатар спорттық нысандар ашылатын болады.

Ұқсас жазбалар

САРЫАҒАШТА РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Admin

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» МАРАФОН-БӘЙГЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Admin

ORDABASY: АУДАННЫҢ БАРЛЫҚ БАҒЫТТА ҚАРЫШТАП ДАМУЫНДА ЖАҢА ИДЕЯЛАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Admin