Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ӘлеуметҚоғамМәдениетСаясат

Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады

Мемлекет басшысы ел қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарып жүрген күштік құрылым қызметкерлерін жоғары бағалап, олардың еңбегіне алғыс білдірді.

Президент өз сөзінде халқымыздың «Батыр елі үшін туады» деген нақылын атап өтіп, елге қорған болу – ең абыройлы қызмет екенін ерекше жеткізді. Оның айтуынша, нағыз патриот азамат үшін Отан алдындағы қызметтен асқан мәртебе жоқ.

– Күштік құрылым қызметкерлерінің күнделікті табанды еңбегі – ел үшін жасалған ерлік. Сіздер әрдайым сертке берік болып, Отан алдындағы міндеттеріңізді мінсіз орындап келесіздер. Мен Мемлекет басшысы және Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Президент.

Мемлекет басшысы бірқатар қызметкерлерге әскери атақтар мен сыныптық шендер беру туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында ерекше көзге түскен азаматтарды жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы шешім қабылданды.

Президент марапат иелерін құттықтап, олардың еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

– Жастар сіздерге қарап бой түзейді, туған елге адал болуды үйренеді. Сіздер әрдайым ұлт мүддесіне қызмет етіп, жас буынға бағыт-бағдар көрсетеді деп сенемін. Айбынды армиямыздың абыройы арта берсін! – деді Мемлекет басшысы.

Іс-шара соңында марапатталған азаматтарға құрмет көрсетіліп, ел қорғаны болып жүрген қызметкерлердің еңбегі жоғары бағаланды.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДА «ТЕКТІ СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ» ТЕРМЕЛЕР ЖИНАҒЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: АУЫЛДАРДАҒЫ МЕДИЦИНА НЫСАНДАРЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ ЖАЛҒАСУДА

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Admin