Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ: САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Түркістан облысында сайлаушылардың 90,17 пайызы дауыс беруге қатысқан. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республика өңірлері арасында көш бастап тұр. Маңызды қоғамдық-саяси науқанға Түркістан облысының тұрғындары белсенді қатысып, өз азаматтық таңдауын жасауда. Өңірдегі жоғары көрсеткіш тұрғындардың сайлау үдерісіне деген белсенділігін аңғартады.
Еліміз бойынша сағат 18:00-дегі көрсеткішке сәйкес, 9 095 298 сайлаушы бюллетень алған. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 72,15 пайызын құрайды. Айта кетейік, Түркістан облысында барлығы 952 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 26 учаске жабық нысандарда орналасқан. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар 14 873 сайлаушы үшін дауыс беруге қолайлы жағдай жасалған. Жалпы облыста 1 204 659 азаматтың дауыс беру құқығы бар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жазбалар

«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Admin

Мемлекет басшысы Алтын Орда мәселесін зерделеу бойынша іргелі бастамаларды қолға алуды ұсынды

Admin

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ДАУЫС БЕРУШІЛЕРДІ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕГІ ӨНЕРПАЗДАР ҚАРСЫ АЛДЫ

Admin