Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысының әкіміне Құрылтай сайлауында дауыс беру үшін кезекке тұруға тура келді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс берді. Өңір басшысы облыс орталығындағы №951 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауына түркістандықтар белсенді қатысуда. Дауыс берудің алғашқы сағаттарындағы тұрғындардың белсенділігі азаматтардың елдегі қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылық танытып, өздерінің сайлау құқығын жүзеге асыруға ұмтылысын көрсетеді.
Түркістан облысындағы 952 сайлау учаскесі сағат 07:00-де жұмысын бастады. Өңірде сайлауға қатысуға құқығы бар 1 204 659 азамат тіркелген. Бұл облыс халқының шамамен 56 пайызын құрайды.
Сайлау учаскелерінде дауыс беруге қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Учаскелер арнайы жәшіктермен, дауыс беру кабиналарымен, қажетті техника және ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілген.
Сайлау процесінің барлық азаматқа қолжетімді болуына да ерекше мән берілген. Түркістан облысында ерекше қажеттіліктері бар 15 мыңға жуық азамат бар. Олардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау үшін 100-ден астам инватакси мен әлеуметтік такси, сондай-ақ 56 қосымша автокөлік тартылды. Бұдан бөлек, 200-ден астам сурдоаудармашы мен 770 жеке көмекші жұмылдырылды.
Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтарға өз тұрған жерінде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.
Түркістан облысында дауыс беру жалғасып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Admin

Как новая Конституция Казахстана изменила баланс между обществом и властью?

Admin

МЕГАПОЛИСКЕ ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Admin