Балаға кітап оқу – оған жай ғана білім беру емес, қиялын дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге және әлемді тануға жол ашу. Суреттегідей, ата-ананың баласымен бірге кітап оқуы – отбасындағы жылы қарым-қатынасты нығайтатын тамаша дәстүр. Әке мен ананың қолдауы, баланың қызығушылығы мен кітаптың берері – болашаққа бастар берік қадам. Кітап оқитын отбасында білімге деген сүйіспеншілік қалыптасып, бала өзін еркін ойлауға үйренеді. Балаға кітап сыйлайық, бірге оқиық, бірге армандайық! Өйткені кітаппен сусындаған ұрпақ – елдің жарқын болашағы
