Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамыту және бизнестің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелеріне басымдық берілді. Бұл бастамалар ел экономикасының тұрақтылығын арттырып, халықтың табысын көбейтуге бағытталған.

Шағын және орта бизнес – экономиканың маңызды қозғаушы күші. Кәсіпкерлік дамыған жерде жаңа жұмыс орындары ашылып, бәсекелестік қалыптасады, жергілікті өндіріс көлемі артады. Сондықтан кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетумен қатар, әкімшілік кедергілерді азайтып, мемлекеттік қолдау тетіктерінің қолжетімділігін арттыру маңызды.

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік мол. Әсіресе, туризм, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сауда және өндіріс салаларында шағын бизнес жобаларын көбейтуге болады. Аудан мен ауылдардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау арқылы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және отбасылық табысты арттыруға жағдай жасалады.

Менің ойымша, кәсіпкерге қолайлы орта қалыптастыру – мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды нәтижелерінің бірі болуы тиіс. Бизнестің дамуы тек кәсіпкердің емес, тұтас өңірдің өркендеуіне ықпал етеді.

Кәсіпкерге мүмкіндік беру – халықты жұмыспен қамтуға, өндірісті ұлғайтуға және өңір экономикасын нығайтуға жасалған нақты қадам.

Ұқсас жазбалар

Наблюдается большой интерес казахстанцев к выборному процессу – глава ЦИК Грузии

Admin

Жасанды интеліктіні пайдаланып, мақта егуде

Admin

Тастанды сәбилерді қабылдайтын орын ашылды

Admin