Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпарат

Елбасы бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы кеше бірнеше маңызды заңға қол қойды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «1996 жылғы 12 маусымдағы Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнің арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Admin

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Admin

Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заң мен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

Admin