Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ЕГЕМЕНДІ ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІ БИІК

Кентау қаласы Ш.Қалдаяқов мәдениет сарайында қала тұрғындарының қатысуымен «Егеменді елдің еңсесі биік» тақырыбында Республика күнін атап өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған elordafocus.kz ақпараттық агенттігі.
Салтанатты шара «Қаратау тәжі» ұлттық аспаптар оркестрінің орындауындағы Атамекен күінен бастау алды. Құттықтау сөз сөйлеген қала әкімі Жандос Тасов мерекенің маңыздылығы жайында атап өтті.
«Бұл күн — ата-бабалардан мұра боп қалған байтақ даламыз үшін аса маңызды шешім болған сәт. Қазақстанның егемендігі туралы декларациясы қабылданғаны белгілі. Бұл ел Тәуелсіздігі жолындағы теңдессіз құндылық. Осылайша, Қазақстанның тәуелсіздігі мен территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан өркендей түсті» деген қала басшысы қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.
Қаланың дамуы жолында еселі еңбек еткен бірқатар азаматтарға «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен «Алғыс хаттар» табыс етті. Қалалық маслихат хатшысы Талғат Балабиевте қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті. Жиында Тәуелсіз Қазақстанға арналған әсем әуендер шырқалып, мың бұралған бишілер көпшілікке көтеріңкі мерекелік көңіл күй тарту етті.
Айта кетейік, биылғы жылы Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Республика күнін» ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған болатын. Бұдан былай қазанның 25-ін Егемендік күні – еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтетін боламыз.

Ұқсас жазбалар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ҚҰРҒАҚ УӘДЕ БЕРЕ АЛМАЙМЫН»

Admin

15 НАУРЫЗДАН БАСТАП «ТҮРКІСТАН-САМАРҚАНД» ӘУЕ РЕЙСІ ҚАТЫНАЙДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕНТАУДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРДІ

Admin