Қазақтың маңдайалды ұлы Димаш Құдайбергенов америкалық Tixr.com стримингтік платформасында алғашқы онлайн концертін бермек, деп жазады ultainasy.
Әншінің «DIMASH DIGITAL SHOW» концертінің күні нақтыланып, билеттер сатыла бастады. Көптен күткен алғашқы онлайн-концерт 2021 жылдың 16 қаңтарына белгіленген.
Бұл туралы Димаштың өзі инстграмм парақшасында жазба қалдырып, тыңдармандарын қуантып отыр, «Құрметті достар және қымбатты Dears, @tixr_ сайтында концерттің шығу күні белгілі болды, сіздер менің профилімдегі сілтеме бойынша барлық ақпаратты көре аласыз».
Ал, онлайн-концерттің кестесі мен билетін алу туралы толық ақпараттар dimashnews.com сайтында көрсетілген.
Айта кетейік, бұған дейін Димаштың 5 желтоқсанда Мәскеудегі ВТБ аренада «Жыл әні» дәстүрлі концертіне қатысып, үш композиция орындағанын жазған болатынбыз. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында басталып, аты аңызға айналған бұл фестиваль коронавирус пандемиясына байланысты локдауннан бері Ресейде өткен алғашқы ауқымды концерт.
Концертке Димаштың шығармашылығы үшін тыңдарман-жанкүйерлері бірнеше қаладан келген.
ultainasy.
