Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА БАҚ СЫНАП КӨРІҢІЗДЕР

Шымкентте халықты жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы Ақмарал Жулаева «SHANYRAQ» отбасы институтын қолдау орталығында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесуде жұмысқа орналасудың тетіктері айтылды.
Кездесу барысында қазіргі кезде қоғамдық жұмысқа жолдау әдісімен автобус парктеріне «Төлем» жүйесінің бақылаушылары қабылданып отырғанын және ол жерде 1 күн жұмыс, 2 күн демалыс берілетінін айтып өтті.
–Бүгінде кез-келген жұмыс іздеуші жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, enbek.kz порталында бос жұмыс орнына жолдама ала алады. Бірақ, жұмыссыз ретінде тіркелуге барғанда өзіңізбен бірге ЭЦҚ апарсаңыз, тіркелу процесі жылдам жүргізіледі,-деді А.Жулаева.
Сондай-ақ, Ақмарал Пернебекқызы педагогикалық білімі бар келіншектерге арнайы ашылған hr-process.kz сайтына кіріп, өз пәні бойынша бос жұмыс орындарының конкурстарына қатысуға кеңес берді.
Айта кетейік, қала бойынш enbek.kz сайтында қазіргі кезде 200-ден астам мекемелер жариялаған 900-ға тарта бос жұмыс орындары бар.

Ұқсас жазбалар

Астанада онлайн сауда жасау негіздері бойынша жаңа тегін курсы басталады

Admin

АГЕНТТІК ӨКІЛДЕРІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Admin

ТҮРКІСТАН: ИДЕОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Admin