Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ ШАЯН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫН СЫНҒА АЛЫП, НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

🔹Ұласбек Сәдібеков аудан орталығы — Шаян елді мекенінде өтіп жатқан жаппай сенбілік және тазалық жұмыстарының барысын аралап көрді.
🔹Жұмыс сапары аясында аудан басшысы көшелерді тазалау, абаттандыру және елді мекеннің сәулеттік көрінісін жақсарту бағытында атқарылып жатқан шараларды тексерді. Шаян елді мекенінің орталық көшелері мен қоғамдық орындарын аралап, тазалықтың сапасына ерекше назар аударды.
🔹Сонымен қатар, елді мекеннің эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында жауапты тұлғалар мен жергілікті тұрғындарға бірқатар маңызды тапсырмалар берді.
📌Ұласбек Сәдібеков өз сөзінде аудан орталығының тазалығы мен сәулетті көрінісі әрбір ғимараттың сыртқы пішінінен басталатынын атап өтті. Осыған байланысты аудан басшысы келесідей нақты міндеттерді жүктеді:
🔹Тұрғын үйлер мен ғимараттарды ретке келтіру: Көше бойындағы жеке үйлер мен әкімшілік ғимараттардың қоршауларын, қасбеттерін (фасадтарын) қалпына келтіру және сырлау жұмыстарын жүргізу;
🔹Кәсіпкерлік нысандарының келбеті: Шаяндағы дүкендер, дәмханалар мен қызмет көрсету орталықтарының иелеріне өз нысандарының сыртқы келбетін заманауи талаптарға сай реттеуді, маңдайшаларын жаңартуды және іргелес аумақтарын үнемі таза ұстауды міндеттеу;
🔹Абаттандыру және жасыл желек: Көшелерді қоқыстан тазартумен қатар, талдарды әктеу, ретсіз өскен бұталарды кесу және жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарын күшейту.
🔹Аудан басшысы берілген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қатаң қадағалауды тиісті бөлім басшылары мен ауыл округінің әкіміне тапсырды. Елді мекенді абаттандыру және тазалықты сақтау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

#ТазаҚазақстан

Ұқсас жазбалар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді

Admin

Өңдеуші секторда 200 жаңа жоба, фармацевтика мен мал шаруашылығын дамыту: мемлекеттік органдарға жобалардың уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды

Admin

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Admin