Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТТА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛДІ

4-ші маусым — ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай, Қазығұрт ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көкке көтеру рәсімі өткізілді. Аталған іс-шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық мәслихат төрағасы Тайбек Қалымбетов, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері, аудандық Ардагерлер кеңесі мен Әжелер алқасы мүшелері және басқа да мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Шара барысында аудан әкімі Азизхан Азимханұлы баршаны мерейлі мерекемен құттықтай отырып, «Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе берілген. Сондықтан, мемлекеттік рәміздерді қастерлеу барша республика азаматтарының қасиетті парызы» деп атап өтті.
Тәуелсіздікті сақтау, қадір-қасиетіне жету Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуден басталады. Қазығұрт ауданында да рәміздерімізді қадірлей білетін, патриот, отаншыл жастар өсіп келеді.
Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздердің мәртебесі арта берсін!
Айта кетейік, Қазығұрт ауданының әкімі А.Исмаилов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтаған болатын:  «Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 4-ші маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл мемлекеттік рәміздерімізге 31 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 1992 жылғы 4 маусымда бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ, рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер, азаматтарына сасқанда сабыр, жол таппай қиналғанда ақыл қосатын қасиетті де құдіретті күштер.
Бүкіл халықтық сипатқа ие болған бұл мереке барлығымызды біріктіре түседі, ұлттық сананы қалыптастырады, патриоттық сезімді оятады. Патриоттық сезім әрбір қазақстандықтың жүрегінде сақталып, Отанына деген махаббатымен қатар тіліне, тарихына деген ықыласы жоғары болуы қажет.
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе берілген. Сондықтан, мемлекеттік рәміздерді қастерлеу барша республика азаматтарының қасиетті парызы.
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді, айтулы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, сарқылмас бақыт тілеймін.
Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздердің мәртебесі биік болсын! Еліміздегі тыныштығымыз бен бірлігіміз бекем болсын!», делінген құттықтауда.

Ұқсас жазбалар

Алғашқы әскери дайындық пәні қалай оқытылып жүр?

Admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ БРЕНДІНЕ АЙНАЛДЫРУҒА БОЛАДЫ»

Admin

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Admin