Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ БАРДЫ

Мемлекет басшысы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралау барысында күмбездің тарихи келбетін сақтай отырып жүргізілген жаңарту жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

Атап айтқанда, кесененің желдеткіш қабаттары реттеліп, күмбез етегіндегі сегіз қырлы қосындыға гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағындағы тарихи орындар қайта қалпына келтіріліп, кесене алдына туристер демалатын қалың бау-бақшалы алаңқай салынған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа атқарылған жұмыстардың барлығы ЮНЕСКО-мен келісе отырып жүргізілгені жөнінде баяндалды.

Akorda.kz

 

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТ: 3-6 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БҮЛДІРШІНДЕР 100 ПАЙЫЗ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Admin

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ 73,7 ПАЙЫЗЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

Admin

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОМАНДАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛЕР БОЙЫНША РЕКОРД ОРНАТТЫ

Admin