Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарМәдениетЭкономика

ҒАШЫҚТАР КҮНІ: «БОЗБАЛА МЕН БОЙЖЕТКЕН – 2023» БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТЫР⁣⠀

15 сәуір — «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ғашықтар күніне орай, қалалық Жастар ресурстық орталығында «Бозбала мен бойжеткен – 2023» байқауы өтіп жатыр. Бұл сайыс — жастардың бойына әдептілік, ізгілік, адалдық секілді қасиеттерді сіңіру және қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін ұмыт қалдырмауға бағытталады. ⁣⁣
⁣⁣⠀
Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен байқауға жарасымды 8 жұп қатысты. Сахна төрінде сөз алған орталық басшысы Мағжан Исахов баршаны айтулы мерекемен құттықтап, салтанатты кештің шымылдығын түрді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Төрт кезеңінен тұратын байқауға қатысқан жұптар керемет көңіл-күймен өз өнерлерін паш етті. Алғашқы кезеңінде әр жұп қазақи үлгідегі киіммен, ұйымдастырушылар әзірлеген арнайы әуеннің ырғағымен өздеріне берілген реттік нөмірмен сахнаға шығып, көрерменге көрсетті.
Екінші шарт бойынша қос өнерпаз өздерін таныстырды. ⁣⁣⠀
Бірі ән айтса, екіншісі билейді. Енді бірі күй тартса, бірі сахналық қойылым қойды. Одан кейінгі шарт шығармашылық өнер сайысы мен зияткерлік кезеңіне берілді.⁣⁣
«Шымкент келбеті»

Ұқсас жазбалар

В Казахстане введены 7 из 10 проектов ВИЭ, запланированных на 2026 год

Admin

Асхат Рахимжанов: «Мы получили мандат доверия и большую ответственность»

Admin

Бас прокуратура Біріккен Араб Әмірліктерімен құқықтық ынтымақтастықты нығайтуда

Admin