Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

ARMBACK СПОРТЫНАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

12-тамыз — Халықаралық жастар күніне орай ерекше балалар арасында жаңа ArmBack спорт түрінен сайыс өтті. Республикалық фестивальге Алматы, Ақтау, Петропавл, Атырау, Семей, Өскемен қалаларынан қатысушылар келген.
ArmBack — жаңадан ашылған спорт түрі. Іс-шараны жаңадан құрылған “Жас жауынгер” қоғамдық ұйымы ұйымдастырды. Ұйым төрағасы Садық Байымбетовтың айтуынша, сайыс ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеуді мақсат еткен. Спорттық фестивальді одан әрі дәстүрге айналдыру жоспарда бар.
ArmBack спорт түрінен республикалық фестиваль елімізде екінші рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімдігі, AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы қолдау көрсетті.
Ұйымдастырушылар әлеуметтік жобаны еліміздің басқа қалаларында да өткізу жоспарда бар екенін атап өтті.
Айта кетсек, спорт фестивальде ерекше қажеттілігі бар балалар сайысып, жеңімпаздар анықталды.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700-ДЕН АСТАМ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МЕКЕМЕСІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАУ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗІЛДІ

Admin

КЕЛЕС: 10 111 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА МЕН ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР 250.00 ҮЛГІДЕГІ ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРАДЫ

Admin