Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ӘлеуметҚоғамҚұқық

АЛМАТЫДАҒЫ РЕЗОНАНСТЫҚ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ БОЙЫНША ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мемлекет басшысының 2026 жылғы 30 наурызда Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігі Алматы қаласында орын алған резонанстық жол-көлік оқиғасының мән-жайын жан-жақты әрі объективті тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ кінәлі тұлғалардың заң алдында жауапкершіліктен жалтармауын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Аталған жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі сот шешімімен қамауға алынды. Тергеу барысында оның апат кезінде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған.

Сонымен қатар бұрынғы полиция қызметкерінің әрекетсіздігі және мемлекеттік нөмірлік белгілердің заңсыз берілуі фактілері бойынша да қылмыстық істер қозғалды. Бұл істер бойынша тергеуді Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті жүргізіп жатыр. Қоғамда таралған барлық мәліметтер толықтай тексерілуде.

Оқиғаға объективті құқықтық баға беру мақсатында Алматы қаласына ІІМ арнайы комиссиясы жіберілді. Комиссия құрамында Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Әкімшілік полиция комитеті және Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департамент өкілдері бар.

Қызмет барысында жіберілген кемшіліктер үшін Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.

Қазіргі уақытта қызметтік тәртіпті күшейту және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында қосымша шаралар қабылдануда.

Алматы қаласына өзге өңірлерден қосымша полиция күштері тартылды. Қала аумағында кең ауқымды тексеру және рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Алғашқы күндердің өзінде 4,8 мыңнан астам жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде мас күйінде көлік басқару, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, жалған нөмір қолдану және жүргізу құқығынсыз көлік басқару фактілері тіркелген. Сонымен қатар 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Мұндай күшейтілген профилактикалық және бақылау шаралары еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда.

Тергеу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Заң талаптарын бұзған барлық тұлғалар заң аясында тиісті жауапкершілікке тартылады.

Ешкім де мәртебесіне, лауазымына немесе жеке байланыстарына қарамастан жауапкершіліктен жалтара алмайды. Барлығы заң алдында тең.

Заң мен тәртіп – қоғамдағы қауіпсіздік пен әділдіктің басты кепілі.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛГЕН

Admin

ОРДАБАСЫ: ЖАҢА ӨНДІРІСТІК ПАРКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: ҚУАТЫ 1000 МВТ БОЛАТЫН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Admin