Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Алматыда Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт өтті

Концертке әкім Ерболат Досаев қатысты. Қонақтар қатарында көрнекті әйелдер – көпбалалы аналар, еңбек ардагерлері, ғалымдар, педагогтар, мәдениет, спорт және басқа да салалардың өкілдері болды.
Концерт «Дос-Мұқасан» ансамблі мен «ALPHA» тобының жаңаша өңделген «16 қыз» әнін бірлесіп орындауымен ашылды. Жәния Әубәкірова Шопеннің «Вальс №7» шығармасын орындап, Ерлан Көкеевпен дуэт айтты. Dinaya-ның жүрекке жылы тиер «Мама» әні бейнеқұттықтаулармен сүйемелденді.
Сондай-ақ, Мақпал Исабекова, Kyle Ruh, JCS тобы, RaiM, Mona Songz, Made in KZ және басқа да көптеген орындаушылар өнер көрсетті.
Концерттің соңында аналарға арналған «Ана туралы жыр» әні шырқалды.
Бұл кеш әйелдердің қаланың дамуына қосқан үлесіне деген құрметтің белгісіндей болды.

Ұқсас жазбалар

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

Admin

ШЫМКЕНТТІКТЕР АРАСЫНДА СҰРАНЫСҚА ИЕ ТОП 5 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Admin

БАЛАЛАР БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ

Admin