Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қолдаудың кейбір түрін тағайындау тәртібі өзгермек. Жаңа тәсілдің басты ұстанымы көмекті нақты мұқтаж жандарға бағыттау. Ең алдымен өмірлік қиын жағдайға тап болған, мемлекеттік қолдауды қажет ететін отбасыларға басымдық беріледі.
Әлеуметтік төлем тағайындау кезінде отбасының тұрмыс жағдайы да ескеріледі. Әл-ауқаты жоғары, өз мүмкіндігі жеткілікті «А» және «Б» санатындағы отбасыларға мұндай төлемдер қарастырылмайды.
Отбасының жағдайын дұрыс бағалау үшін оның кәмелетке толған барлық мүшесі туралы мәлімет қаралады. Осы арқылы отбасының жалпы тұрмыстық жағдайы есепке алынады.
Сонымен бірге табысы жоғары азаматтар әлеуметтік қолдаудың кейбір түрінен өз еркімен бас тарта алады. Нәтижесінде үнемделген қаражат көмекке мұқтаж азаматтарға бағытталмақ.
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы қандай өзгерістер енгізіледі? Отбасының әлеуметтік қолдауға құқығы қалай анықталады? Бұл туралы толығырақ бейнероликтен біле аласыздар.

Ұқсас жазбалар

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 4520 АБОНЕНТ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Admin

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

Admin

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ТҮРКІСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Admin