Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Мақтаарал ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және аудан аумағын көгалдандыруды мақсат еткен игі шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер және түрлі сала өкілдері белсенді қатысты.
Сенбілік барысында тұрғындар белгіленген аумақтарға 19 500 түп қара ағаш көшетін екті. Жалпы экологиялық шараға 1500-ге жуық адам қатысып, тазалық жұмыстарына атсалысты. Қатысушылар көшет отырғызылған аумақтар мен арық-атыздарды тазалап, су арналарының бойындағы қоқыстарды жинады. Сонымен қатар, жаңадан егілген көшеттердің дұрыс жерсініп, уақытылы суарылуын қамтамасыз ету мақсатында ағын судың жүру жолдары ашылып, арықтардың су өткізу мүмкіндігі ретке келтірілді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен Конго президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Admin

Итоги весеннего призыва: более 21 тысячи граждан пополнили армию Казахстана

Admin

Атырауда алғаш рет парадзюдодан Әлем кубогі өтуде