Ата Заңымыздың II бөлімі «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» азаматтардың өмір сүру, денсаулығын сақтау, тұрғын үйлі болу және заңды түрде меншік иелену құқықтарын қорғайды. Түркістан облысында бұл бағытта ауқымды инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып келеді.
Тұрғындардың сапалы медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз ету үшін өңірде 28 жаңа медициналық нысан, оның ішінде Түркістан қаласында 570 орындық заманауи көпбейінді аурухана мен 80 орындық перинаталдық орталық салынуда. Ауылдық елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік пункттер мен амбулаториялар ашылып, медициналық қызметтің қолжетімділігі артты.
Бұдан бөлек, азаматтардың баспаналы болу және жеке меншік иелену құқығын жүзеге асыру мақсатында облыста тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Биыл өңірде 1 миллион шаршы метрден астам баспана пайдалануға беріліп, әлеуметтік осал топтар мен кезекте тұрған азаматтарға пәтер кілттері табысталуда. Бұл — Конституция нормаларының әрбір отбасының игілігіне айналуының айқын дәлелі
#АтаЗаң #ҚазақстанКонституциясы #Конституция2026 #АдамҚұқығы #ӘлеуметтікҚолдау #ӘділеттіҚазақстан
